АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ҰРПАҚТАР БІРЛІГІ

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием» тақырыбында тағылымды кеш өтті. Alpamys School оқушыларына қонаққа Нұра аудандық ардагерлер алқасының мүшелері келді.

Еңбек ардагерлері  балаларды  ел тарихымен етене байланысты өздерінің өмір жолымен, Тәуелсіздік жолындағы елеулі оқиғалармен таныстырды. Балаларға өнегелі өсиеттері мен ақыл-кеңестерін берген кеш ұрпақтар сабақтастығының нағыз үлгісіне айналды.

Ардагерлермен кездесу «Тәуелсіздік — ел ұраны» атты мерекелік концерттік бағдарламада өз жалғасын тапты.

Image00007
Image00006
Image00005
Image00004
Image00003
Image00002
Image00001
previous arrow
next arrow