ПРОФЕССОР ӨТКІЗГЕН КЕСКІНДЕМЕ САБАҒЫ

2 ақпан күні Alpamys School оқушылары Л.Н. Гумилев ЕҰУ-дің құрметті профессоры, ҚР Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, академик, 2000-нан астам көркем шығарманың авторы Батанов Тілеужан Бағыбайұлымен кездесті.

Батанов – Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде білім Тілеужан алған заманауи өнердің көрнекті өкілі. Оның өнер жолы Львов мемлекеттік қолданбалы-сәндік өнер институтында басталып, бес жыл білікті суретшілерден дәріс алады. Содан кейін суретші  шеберлігін Строганов атындағы Мәскеу жоғары көркем-өндірістік училищесінде шыңдайды. Ізденімпаз суретші шығармашылық дамуын бір сәт те тоқтатпапты.

Оқушылар қонаққа оның шығармашылығы, өнер жолы, сурет салу тарихы мен техникасы туралы көптеген сұрақтар қойды.

Балалардың үлкен қызығушылығынан шабыттанған профессор кескіндеме бойынша шеберлік сабағында ақ қағазда қысқа мерзімде көркем пейзаж салып, таңқалдырды.

Кездесуден шабыт алған оқушылар «Әр түсті әлем» атты ұжымдық өнер жобасында шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыра білді.

Тілеужан Бағыбайұлына өнермен жүздесу мүмкіндігі, шығармашылық шабыт пен баға жетпес тәжірибе үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!