«АБАЙЛА, БАЛАҚАЙ!» ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

Алпамыс мектебінде 3-4 сынып оқушылары үшін «Абайла, балақай!» атты қауіпсіздік сабағы өтті.

Сабаққа «Angel24» Балалар қауіпсіздігі орталығының түлегі Жасұлан Ойшыбаев қатысты. Сабақ барысында балалар Интернет қауіпсіздігі мәселелерін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелерін талқылады. Қызу  пікірталас оқушылардың күшті эмоционалды реакциясын тудырды.

«Балаларды ықтимал қауіптерден қорғау және оларды  қауіпті жағдайлардың алдын алуға, сақтық шараларын қолдана білуге үйрету аса маңызды. Сондықтан біз балаларды кез келген қиын жағдайда дұрыс әрекет жасай білуге үйрету үшін қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалануға тырысамыз», – деп атап өтті мектеп директорының орынбасары Эльмира Иманбекова.

IMG 5426
IMG 5434
IMG 5430
previous arrow
next arrow