ЖАҢАЛЫҚТАР

4-10 ақпан аралығында Алпамыс мектебінің оқушылары түрлі  іс-шаралар мен шығармашылық байқауларға толы ағылшын тілі әлеміне бойлады. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері іс-шаралар  калейдоскопын дайындады: «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы, «Екі жұлдыз» ән байқауы, TEDx, Дебаттар, «ХХІ ғасыр Көшбасшысы» сайысы және т.б. Кішкентай тіл жанашырлары «Spelling Bee» сахнасында сөздерді әріптеп жатқа […]

2 ақпан күні Alpamys School оқушылары Л.Н. Гумилев ЕҰУ-дің құрметті профессоры, ҚР Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, академик, 2000-нан астам көркем шығарманың авторы Батанов Тілеужан Бағыбайұлымен кездесті. Батанов – Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде білім Тілеужан алған заманауи өнердің көрнекті өкілі. Оның өнер жолы Львов мемлекеттік қолданбалы-сәндік өнер институтында […]

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Алпамыс мектебінде жыл сайынғы идеялар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру. 1-11 сынып оқушылары өз жұмыстарын тиянақтылық таныта отырып дайындап, қазылар алқасының сарапшылары алдында өз жобаларын қорғады. Жәрмеңкеде ұсынылған 300-ден астам жоба жас зерттеушілеріміздің білім беру үдерістеріне қаншалықты шығармашылықпен […]

2024 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Alpamys School өтетін қызықты іс-шаралардан хабардар болыңыз! Аптаның бірінші күні сіздерді жыл сайын өтетін идеялар жәрмеңкесі күтеді. Осы аптада мектебіміз әр оқушы өз идеяларымен бөлісетін және сыныптастарының жобаларынан шабыт алатын шығармашылық алаңға айналады. Сәрсенбі – ағылшын тіліне терең бойлаймыз, күнді көңілді жаңылтпаштар мен жұмбақтардан бастап, күні бойы […]

Алпамыс мектебінің 9-11-сынып оқушылары 2023 жылдың 19-20 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Бахытжан Әмірхан, 9 А сынып, математикадан 1-орын, мұғалімі  – Жәміш Жанаргүл; Чувакова Камила, 11 F сынып, ағылшын тілінен 2-орын, мұғалімі Софуоглу Раушан Жандаровна; Мәсел Ерсұлтан, 11 F сынып, орыс тілінен 2-орын, мұғалімі Кусаинова […]

Оқушыларымыз көңілді Мэрри Поппинс пен дана Әліппені мектеп өміріндегі ең маңызды мерекеде қуана қарсы алды. Әліппемен қоштасу Alpamys мектебінде осылайша нағыз сиқырға толы қызықты күнге айналды! Мектептің ең кішкентай оқушылары әріп пен мектепке арналған тақпақтар оқып, жұмбақтар шешті, ән айтып, көңілді би биледі. Мерекенің соңында  әрбір оқушы Әліппені бітіргені үшін берілген Дипломмен марапатталды. Ал ата-аналарының […]

Алпамыс мектебінде 3-4 сынып оқушылары үшін «Абайла, балақай!» атты қауіпсіздік сабағы өтті. Сабаққа «Angel24» Балалар қауіпсіздігі орталығының түлегі Жасұлан Ойшыбаев қатысты. Сабақ барысында балалар Интернет қауіпсіздігі мәселелерін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелерін талқылады. Қызу  пікірталас оқушылардың күшті эмоционалды реакциясын тудырды. «Балаларды ықтимал қауіптерден қорғау және оларды  қауіпті жағдайлардың алдын алуға, сақтық шараларын қолдана білуге үйрету […]

Құрметті достар! Сіздерді еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздігіміз  тұғырлы болсын!  

Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары Асқар Бақтияр, Мәсел Ерсұлтан, Өмірзақ Шахрияр және Маратбеков Ерасыл телевизиялық түсірілімнің нағыз жұлдыздарына айналды! Жоғары сынып оқушылары «Хабар» телеарнасында көрсетілетін «МЕКТЕП» танымдық бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Талапты балалар  өздері құрастырған «BILIM JARYS» білім беру платформасын таныстырып, оның мүмкіндіктері мен бірегей ерекшеліктері туралы тілшілерге егжей-тегжейлі айтып берді. Alpamys School оқушылары IT технологияларды оқу […]

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием» тақырыбында тағылымды кеш өтті. Alpamys School оқушыларына қонаққа Нұра аудандық ардагерлер алқасының мүшелері келді. Еңбек ардагерлері  балаларды  ел тарихымен етене байланысты өздерінің өмір жолымен, Тәуелсіздік жолындағы елеулі оқиғалармен таныстырды. Балаларға өнегелі өсиеттері мен ақыл-кеңестерін берген кеш ұрпақтар сабақтастығының нағыз үлгісіне айналды. Ардагерлермен кездесу «Тәуелсіздік — […]

Alpamys School  мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) мүшесі болды! Осылайша Алпамыс мектебі дүние жүзіндегі 1400 мектеп пен университеттен тұратын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігіне айналды! Бұл маңызды жетістік Alpamys School  жоғары сапалы білім беруге және мектепті тұрақты жақсартуға, оқушылардың білім, білік дағдылары мен дүние жүзінің азаматы ретінде өмір сүру қабілетін дамытуға деген ұмтылысын растайды. Халықаралық білім […]

Алпамыс мектебінің 3-11 сынып оқушылары «Код сағаты» атты жаһандық іс-шараға белсенді қатысты. Бұл 180-нен астам елден миллиондаған студенттер мен оқушыларды біріктіретін ауқымды қозғалыс. «Код сағаты» шарасы барысында оқушылар жасанды интеллект және нейрондық желілермен жақын танысты. Олар нақты бейнелерді жасанды интеллект арқылы жасалған бейнелерден ажыратуды үйренді. Сондай-ақ балалар бағдарламалау негіздерін игеріп, нейрондық желілер арқылы мәтінді дыбыстауға […]

Alpamys school мектебінде қазақ тілінің маңыздылығын арттырып, оқушыларды ана тілін құрметтеуге, қадір-қасиетін ұғындыруға бағытталған «Мәңгілік ел – мәртебелі ел» атты онкүндік басталды. Ертемен ұлттық әуенмен  оқушыларды қарсы алған  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері  оқушылармен  түрлі зияткерлік ойындар өткізді. Балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, тәтті сыйлықтар жеңіп алды, «Қара жорға» биін билеп, жетігеннен төгілген әсем сазды […]

2023 жылғы 29 қыркүйек күні Әдістемелік орталық мамандары : бөлім басшысы Ақбота Бақытовна, әдіскерлер Шарипа Қимановна, Раушан Сериковна, Раушан Болатовна «Alpamys school» жекеменшік мектебіне әдістемелік көмек көрсетті. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөнінде кездесетін өзекті сұрақтар мен оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берді. Орталық мамандары туындаған сұрақтардың шешу жолдарын кәсіби деңгейде түсіндіріп […]

2023 жылдың 24 қыркүйегінде Қ.Сәтбаев атындағы «Binom» мектеп-лицейінде өткен «STEM Олимпиада – білім берудегі инновациялар» қалалық олимпиадасында мектебіміздің командасы: Джакипов Алишер, Сағадат Едіге, Маратбеков Ерасыл, Мәсел Ерсултан жақсы нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Жетекшілері: С.Н. Назриденов, А.Б. Надирбеков. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

🔰Алпамыс мектебі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату және нығайту жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. 🔸Біздің мектеп директоры Жакенов Мейрам Әміржанұлы және «Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық жүйесі» (NURIS) жеке мекемесінің бас директоры Жакупов Айдар Бексұлтанұлы мектеп оқушыларының инновациялық және технологиялық кәсіпкерлік дағдыларын дамыту саласы, ғарыштық технологиялар бойынша үйірмелер мен шеберлік сағаттар, Alpamys University жобасын іске асыру бойынша меморандумға […]