А-дан Я-ға: АЛПАМЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ӘЛІППЕ МЕРЕКЕСІ

Оқушыларымыз көңілді Мэрри Поппинс пен дана Әліппені мектеп өміріндегі ең маңызды мерекеде қуана қарсы алды. Әліппемен қоштасу Alpamys мектебінде осылайша нағыз сиқырға толы қызықты күнге айналды!

Мектептің ең кішкентай оқушылары әріп пен мектепке арналған тақпақтар оқып, жұмбақтар шешті, ән айтып, көңілді би биледі.

Мерекенің соңында  әрбір оқушы Әліппені бітіргені үшін берілген Дипломмен марапатталды. Ал ата-аналарының балаларға арнап сүйіспеншілікпен дайындаған кітаптары  қуанышты тосынсый болды.

Бірінші сынып оқушыларын құттықтай отырып, олар үйренген әрбір әріп  ғылым-білімнің, қызықты оқиғалардың кілті болады деп сенеміз.

Жаңа көкжиектерге алға, біздің кішкентай Алпамыстар!

IMG 5509
IMG 5498
IMG 5495
IMG 6173
IMG 6116
IMG 6084
IMG 5968
IMG 5914
IMG 5879
IMG 5833
IMG 5828
IMG 5784
IMG 5725
IMG 5707
IMG 5639
IMG 5619
IMG 5611
IMG 5598
IMG 5556
previous arrow
next arrow