ЖАҢА АПТАНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ

2024 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Alpamys School өтетін қызықты іс-шаралардан хабардар болыңыз! Аптаның бірінші күні сіздерді жыл сайын өтетін идеялар жәрмеңкесі күтеді.
Осы аптада мектебіміз әр оқушы өз идеяларымен бөлісетін және сыныптастарының жобаларынан шабыт алатын шығармашылық алаңға айналады.
Сәрсенбі – ағылшын тіліне терең бойлаймыз, күнді көңілді жаңылтпаштар мен жұмбақтардан бастап, күні бойы тек ағылшынша сөйлейтін боламыз.
Сурет көрмесінде халық суретшісі Абылхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған жас суретшілердің шығармашылығын тамашалаңыз және Халықаралық TEDx конференциясына дайын болыңыз! Сондай ақ осы аптада «Көңілді старттарға» және БҰҰ моделі бойынша мектеп конференциясына қатысып көріңіз.
Жаңа апта – шабыт пен мүмкіндік аптасы. Мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз!

8
7
6
5
4
3
2
PlayPause
8
7
6
5
4
3
2
previous arrow
next arrow