Жәкенов Мейрам Әміржанұлы

  • 1954 жылы туылған
  • Қазақ
  • Білімі – жоғары
  • 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Инженер-педагог» мамандығы бойынша бітірген
  • 1990 жылы Ленинград мемлекеттік университетін «Португал тілі» мамандығы бойынша бітірген

Мейрам Әміржанұлы  өзінің еңбек жолын 1977 жылы Көкшетау индустриальді-педагогикалық техникум мұғалімі ретінде бастап, кейін техникум директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып көтерілді.

В 1990-1993 годы работал в Анголе преподавателем методики и психологии педагогического института, переводчиком португальского языка.

1990-1993 жылдары Ангола мемлекетінің педагогикалық институтында әдістеме және психология пәндерінен дәріс оқып,  португал тілінің аудармашысы  қызметін  атқарды.

1993, 2000 жылдар аралығында Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істесе, 2007 жылы Қарағанды облысы дарынды балалармен жұмыс аймақтық ғылыми – әдістемелік орталығының директоры болып тағайындалды.

2008 жылы ол Қазақстандағы бірінші, Астана қаласындағы  физика-математика бағытындағы Интеллектуалды мектептің директоры болып тағайындалды.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Alpamys school мектебінің директоры

Мейрам Әміржанұлы дарынды балалармен жұмыс жайлы жазылған көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Оның «Дарынды балалардың интеллектуалды іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру», «Оқушылар  құзырлығын рейтингілік жүйемен бағалау» атты еңбектері тек Қарағанды облысы ғана емес, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда өңірлерінде практикада кеңінен қолданылады.

«Құрмет» орденінің кавалері, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған, Қазақстан Республикасының үздік білім қызметкері болып табылады.