Қызметкерлер
Иманбекова Эльмира Куатбековна Оспан Рамазан Жаншәріпұлы Умарова Ольга Оралқызы Блок Шолпан Ботажановна Қанатбекұлы Арман
Иманбекова Эльмира Куатбековна

1997 жылы М.Х. Дулати ТарМУ бітірді. Мамандығы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-інің магистратурасын бітірді, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Педагогикалық өтілі: 30 жыл, оның ішінде 8 жыл “Дарын”, «Зерде» дарынды балаларға арналған мектептері директорларының тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, 14 жыл Астана қ. ФМН НЗМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Жетістіктер мен марапаттар:

“Қазақстан мұғалімі-2002” республикалық байқауының лауреаты, “Мұғалім-эрудит” номинациясының жеңімпазы

Дарынды балалармен жұмыс саласындағы инновациялық әлеуметтік-педагогикалық жобаларының ІV республикалық фестивалінің жеңімпазы, Астана қ., 2006 ж.

Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, 2014 ж.

“Дарындылықты дамыту” бағдарламасын әзірлеушілердің авторлық тобының мүшесі

“Дарынды балалармен жұмыс” бағдарламасы бойынша жаттықтырушы (The Johns Hopkins Center for Talented Youth), АҚШ

Республикалық және халықаралық басылымдарда педагогика және қолданбалы лингвистика мәселелері бойынша 10-нан астам ғылыми мақалалардың авторы

Біліктілік деңгейі – мұғалім-эксперт.

Оспан Рамазан Жаншәріпұлы

1986 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді, мамандығы – ұлттық мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

1993 жылы Ақмола педагогикалық институтын бітірді, мамандығы – орыс тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 43 жыл, оның ішінде 6 жыл жалпы білім беретін №23 ОМ, №25 ОМ директорының оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, 13 жыл Астана қ. ФМН НЗМ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды

Жетістіктер мен марапаттар:

2019 ж. – ҚР Президентінің Алғыс хаты

1987 ж. – ҚР Ғылым мен білім Министрлігі Құрмет грамотасы

1997 ж. – «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі

2010 ж. – «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі

Мектепті басқару бойынша біліктілікті көтеру курстарынан Америка Құрама Штаттары, Швеция, Қытай, Ресей мемлекеттерінде өтті.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу-әдістемелік кешендері, оқу бағдарламалары мен жоспарларының құрастырушысы

Біліктілік деңгейі – мұғалім-сарапшы

Умарова Ольга Оралқызы

1997 жылы Новосибирск мемлекеттік техникалық университетін бітірді

2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын 2006 жылы бітірді. Мамандығы – география мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 25 жыл

Жетістіктері мен марапаттары:

Түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған.

2022 – «Педстарт» кәсіби байқауының жеңімпазы

2021 ж. – «Халықаралық TIMSS зерттеулері. PISA мектептегі білім сапасының көрсеткіші ретінде» тақырыбында педагогикалық тәжірибесі жинақталған

Біліктілік санаты – ең жоғары

Блок Шолпан Ботажановна

2007 жылы М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Мамандығы – тарих және география пәні мұғалімі

Педагогикалық өтілі: 9 жыл, оның ішінде 2 жыл Alpamys School мектебінің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары

Біліктілік деңгейі – педагог

Қанатбекұлы Арман

2012 жылы Қ. А. Яссауи ХҚТУ бітірді. Мамандығы – шетел филологиясы

В 2017 году окончил магистратуру ТИГУ, магистр педагогических наук

Педагогический стаж: 9 жыл, оның ішінде жалпы орта білім беру жүйесінде 3 жыл, Астана қ. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 6 жыл.

Жетістіктер мен марапаттар:

“Дарынды балаларға-талантты ұстаз” қалалық педагогикалық олимпиадасы, ІІ деңгейлі диплом, Астана қ., 2015 ж.

Х халықаралық “Дарынды балаларға-талантты ұстаз” олимпиадасы, Астана қ., 2015 ж.