АЛПАМЫС МЕКТЕБІ ЗЕРТТЕУ ТОЛҚЫНЫНДА

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Алпамыс мектебінде жыл сайынғы идеялар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.

1-11 сынып оқушылары өз жұмыстарын тиянақтылық таныта отырып дайындап, қазылар алқасының сарапшылары алдында өз жобаларын қорғады.

Жәрмеңкеде ұсынылған 300-ден астам жоба жас зерттеушілеріміздің білім беру үдерістеріне қаншалықты шығармашылықпен тартылғанын көрсетеді. Жеңімпаздардың жұмыстары ғылыми байқаулар мен конференцияларға қатысуға жолдама алады.

Идеялар жәрмеңкесіне қатысушылардың барлығына қатысу сертификаттары берілсе, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, ал ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

Мұндай қолдау болашақ ғалымдардың өсуі мен шығармашылық әлеуетін ынталандырудағы маңызды қадам болып табылады.