Жакупов Айдар Бексұлтанұлымен кездесу

🔰Алпамыс мектебі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату және нығайту жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

🔸Біздің мектеп директоры Жакенов Мейрам Әміржанұлы және «Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық жүйесі» (NURIS) жеке мекемесінің бас директоры Жакупов Айдар Бексұлтанұлы мектеп оқушыларының инновациялық және технологиялық кәсіпкерлік дағдыларын дамыту саласы, ғарыштық технологиялар бойынша үйірмелер мен шеберлік сағаттар, Alpamys University жобасын іске асыру бойынша меморандумға қол қойды.