АЛПАМЫС МЕКТЕБІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕҢЕСІНІҢ (CIS) МҮШЕСІ!

Alpamys School  мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) мүшесі болды! Осылайша Алпамыс мектебі дүние жүзіндегі 1400 мектеп пен университеттен тұратын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігіне айналды!

Бұл маңызды жетістік Alpamys School  жоғары сапалы білім беруге және мектепті тұрақты жақсартуға, оқушылардың білім, білік дағдылары мен дүние жүзінің азаматы ретінде өмір сүру қабілетін дамытуға деген ұмтылысын растайды.

Халықаралық білім беру қоғамдастығының бір бөлігіне айналған Алпамыс мектебі енді CIS  мұғалімдері мен сарапшыларынан құралған жаһандық команданың барлық бағдарламалары мен қолдауына, соның ішінде:

  • оқыту мен оқытуды үздіксіз жетілдіруге бағытталған халықаралық озық тәжірибе бойынша нұсқаулықтарға;
  • 123 елдің оқу орындарымен, жетекші сарапшылармен және CIS кеңесшілерімен білім және тәжірибе алмасуға;
  • дүние жүзіндегі университеттердің халықаралық қабылдау комиссияларының мамандарымен байланыс орнатуға қол жеткізе алады.

CIS командасы алдағы жылдарда Алпамыс мектебіне қолдау көрсетуге дайын және халықаралық білім беру болашағын бірге құруды асыға күтеді», – деп жазады өз хатында Халықаралық мектептер кеңесінің атқарушы директоры Джейн Ларссон.