АҒЫЛШЫН ТІЛІ ОНКҮНДІГІ: БІЛІМ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРУ!

4-10 ақпан аралығында Алпамыс мектебінің оқушылары түрлі  іс-шаралар мен шығармашылық байқауларға толы ағылшын тілі әлеміне бойлады.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері іс-шаралар  калейдоскопын дайындады: «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы, «Екі жұлдыз» ән байқауы, TEDx, Дебаттар, «ХХІ ғасыр Көшбасшысы» сайысы және т.б. Кішкентай тіл жанашырлары «Spelling Bee» сахнасында сөздерді әріптеп жатқа айтып, терең білімдерін паш етті.

Күн сайын 2-11 сынып оқушылары ойын бағдарламаларына белсенді қатысты. Мектеп фойесінде балалар түрлі активитилерге қатыса алатын шығармашылық аймақтар құрылды. Мектеп радиосы жаңалықтарды үш тілде таратып,  ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырды.

Бұл күндері «Табыс баспалдағы» шабыт көзіне айналды, ал фотоаймақ барлық қатысушыларға онкүндіктің жарқын сәттерін естелікке сақтауға мүмкіндік берді.

Ағылшын тілінің онкүндігі білімнің жинақталуы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық мерекесі. Біздің қызықты тіл саяхатымызға қосылыңыз!