11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН BILIM JARYS БІРІНШІ ПЛАНДА

Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары Асқар Бақтияр, Мәсел Ерсұлтан, Өмірзақ Шахрияр және Маратбеков Ерасыл телевизиялық түсірілімнің нағыз жұлдыздарына айналды!

Жоғары сынып оқушылары «Хабар» телеарнасында көрсетілетін «МЕКТЕП» танымдық бағдарламасының түсіріліміне қатысты.

Талапты балалар  өздері құрастырған «BILIM JARYS» білім беру платформасын таныстырып, оның мүмкіндіктері мен бірегей ерекшеліктері туралы тілшілерге егжей-тегжейлі айтып берді.

Alpamys School оқушылары IT технологияларды оқу процесіне қалай белсенді енгізіп жатқанын білу үшін «Хабар» телеарнасындағы «МЕКТЕП» бағдарламасының көрсетілімін бақылап отыруға шақырамыз!

IMG 4704
IMG 4690
IMG 4663
IMG 4656
previous arrow
next arrow