1 қыркүйек – Білім күні!

🔰Алпамыс мектебінде 1 қыркүйек – Білім күні аталып өтті.

🔹Кішкентай бүлдіршін 1 сынып оқушылары ертегіден келген Фиксиктермен бірге қызықты ғылым сырларымен танысты, алғашқы зымырандарын ұшырып, мектеп оқушыларының қатарына қабылданды.

🔹Салтанаттың құрметті қонағы қалалық маслихатының депутаты Муслим Н.С. мектеп ұжымына жаңа оқу жылында толағай табыстарға жетуге тілек білдірді. Мектеп басшысы Жакенов М.А. жоғары жетістіктер әкелген оқушыларды ерекше атап, марапаттады.

🔹Мереке Білім сабақтарымен жалғасты. Құшаққа гүл, қуанышқа мектеп толған күздің алғашқы күні әр оқушыға ерекше әсер қалдырды.

🔰Жаңа оқу жылы баршаңызға сәтті және қуанышты болсын!