ALPAMYS SCHOOL
Начните с нами!
бізбен бірге қадам басыңыз!
28 500 м²
общая площадь школы с развитой высокотехнологичной инфраструктурой
Жалпы көлемі 28 500 м² құрайтын жоғары технологиялық инфоқұрылым
28 500 м² the total area of the school with developed high-tech infrastructure
>100 кабинетов
>100 кабинет
100 classrooms
с акцентом на эффективный учебный процесс и удобства
Оқу процесін ұтымды әрі қолайлы ұйымдастыруға бағытталған 100 оқу кабинеті
100 classrooms with an emphasis on effective learning experiences and amenities
2 бассейна
2 бассейн
2 swimming pools
для гармоничного физического развития на протяжении всего учебного года
Оқу жылы барысында оқушының үйлесімді дамуына әсер ететін 2 бассейн
2 swimming pools for harmonious physical development throughout the school year

МИССИЯ ШКОЛЫ

Создать вдохновляющее образовательное пространство, где каждый ученик может максимально раскрыть свой потенциал и принимать вызовы мира с позиции ответственных граждан.

ШКОЛЬНЫЙ ДЕВИЗ

ПРЕДВИДЕТЬ И ОПЕРЕЖАТЬ, СЕГОДНЯ И СЕЙЧАС

Школа активно стремится использовать все имеющиеся ресурсы, чтобы воплощать свой девиз: «Предвидеть и опережать, сегодня и сейчас».
Мы стремимся к гармонии между прошлым, настоящим и будущим, чтобы наши ученики стали не только успешными лидерами, но и видели новые возможности там, где другие видят вызовы.
Наша цель - не просто следовать течению времени, но и активно формировать его, подстраиваясь под вызовы современности.

ВИДЕНИЕ

Alpamys School представляет собой уникальное сообщество детей, родителей и педагогов, где соединяются различные культуры с целью обеспечения всестороннего развития ребенка.
Четыре принципа глобального гражданства, осознанные и воплощаемые в Alpamys School, вплетены в процессы обучения и воспитания:

Принятие всех людей;
Помощь нуждающимся;
Защита окружающей среды;
Служение во имя мира;


НАШИ ЦЕННОСТИ

Ценности Alpamys School - это практическое руководство к действию и основа для формирования общности, направленной на активное содействие росту и развитию каждого ученика. Они становятся определяющими факторами в нашем поведении, подходе к учебному процессу и отношению друг к другу. Наши ценности создают уникальное окружение, способствующее разностороннему и вдохновляющему обучению.

Ответственность

В Alpamys School мы вдохновляем наших учеников становиться ответственными личностями, способными вносить положительные изменения в мир вокруг себя.
Учим нести ответственность за свои действия и поступки, осознавать их влияние. В нашей школе развивается самосознание, готовность вносить свой вклад в общее благо. Быть ответственным — это не просто долг, но и ключевой элемент формирования крепкого характера и гражданской позиции.

Уважение

В Alpamys School мы призываем к уважению национальной казахской культуры, истории и традиций не только своего, но и других народов. Стремимся формировать понимание и толерантность к разнообразию, поощряя уважение к множеству культур и точек зрения.
Кроме того, мы придаем важность уважению к природе. Уважение к самому себе, ультурному наследию и природе является неотъемлемой частью ценностей, которые мы прививаем нашим ученикам.

Честность

В Alpamys School мы придаем большое значение честности не только в отношении себя, но и окружающих. Учим наших учеников брать на себя ответственность за свои поступки и быть искренними в общении.
Важной частью обучения является умение извлекать уроки из собственных ошибок и стремление к их исправлению. В Alpamys School мы не только формируем знания, но и развиваем ценности, которые помогут нашим ученикам становиться честными, открытыми и ответственными личностями в своих взаимоотношениях и жизни в целом.

Лидерство

В Alpamys School мы не только предоставляем знания, но и формируем будущих лидеров. Наши ученики учатся быть проактивными, ставить перед собой четкие цели и правильно расставлять приоритеты.
Мы стремимся развивать в каждом обучающемся навыки настоящего лидерства. В Alpamys School лидерство – это не просто набор навыков, а стиль жизни, который мы внедряем в наших учеников, чтобы они могли успешно реализовывать свой потенциал и вносить изменения в мир вокруг себя.

Толерантность

Толерантность – одна из ключевых ценностей Alpamys School. Мы призываем учиться ценить и уважать разнообразие индивидуальностей, учитывать чувства,желания, права и традиции каждого человека.
Мы поощряем умение обладать равными правами и свободами, не нарушая при этом прав и свобод других людей.
В Alpamys School мы стремимся к созданию толерантной образовательной среды, где каждый может раскрыть свой потенциал, независимо от своих уникальных особенностей.

Благополучие

Благополучие – это неотъемлемая цель Alpamys School, где создаются условия для комфортного обучения и саморазвития.
Забота о здоровье, поиск позитивных эмоций, и ощущение психологического комфорта играют важную роль в нашей школе.
Мы поддерживаем уверенный взгляд в будущее, помогая ученикам формировать положительный настрой, гармоничные отношения с близкими, окружающими и стремление к достижению личных целей.

Открытость (Транспарентность)

Alpamys School – открытая школа, поэтому транспарентность занимает особое место в ее информационной политике. Мы стремимся обеспечить доступность информации о целях школы, процессах реализации и достигнутых результатах, поддерживая широкие контакты с общественностью.
В нашей школе каждый ученик вдохновляется быть смелым и открытым для новых возможностей. Мы поощряем активное участие и обмен идеями, создавая обстановку, где прозрачность способствует раскрытию потенциала каждого обучающегося

МЕКТЕП МИССИЯСЫ

Әр оқушы шабыттанатын, өзінің әлеуетін барынша аша алатын және заман талаптарын жауапты азамат тұрғысынан қабылдайтын білім ортасын құру

МЕКТЕП ҰРАНЫ

БҮГІН ЖӘНЕ ҚАЗІР, БОЛЖАЙ БІЛ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛ

«Бүгін және қазір, болжай біл және алдын ал» ұранын іске асыру үшін мектеп қолда бар барлық ресурстарды толық пайдалануға тырысамыз.
Оқушыларымыз басқалар қиындықтарды көретін жерде жаңа мүмкіндіктерді көре алатын табысты көшбасшы болуы үшін біз өткеніміз бен бүгініміз, келешегіміз арасында үйлесімді сабақтастыққа ұмтыламыз.
Біздің мақсатымыз – жай ғана уақыт ағымына ілесу емес, заман талабына бейім, болашағын болжай білетін, қиындықтың алдын алатын тұлға қалыптастыру.

ҰСТАНЫМ

Алпамыс мектебі – әртүрлі мәдениеттер тоғысқан, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің бірегей қауымдастығы.
Алпамыс мектебінде жаһандық азаматтықтың төрт қағидасы білім мен тәрбие үрдісінде ұтымды үйлесімін тапқан:

Барлық адамдарды қабылдау;
Мұқтаждарға көмектесу;
Қоршаған ортаны қорғау;
Бейбітшілік үшін қызмет.

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Алпамыс мектебінің құндылықтары барлық іс-әрекетті жүзеге асыруда басшылыққа алатын практикалық нұсқаулық болып табылады.
Құндылықтар – біздің мінез-құлқымызды, оқу процесіне көзқарасымызды және бір-бірімізге деген қатынасымызды анықтайтын басты фактор. Біздің құндылықтарымыз шабыттандыратын оқуға ықпал ететін бірегей ортаны құрайды.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Алпамыс мектебінде біз оқушыларымызды қоршаған әлемге оң өзгерістер енгізе алатын жауапты тұлға болуға ынталандырамыз.
Біз оқушыны өз әрекеті мен жасаған ісіне жауапкершілікпен қарауға, сол іс-әрекет әсерінің қандай болатынын түсінуге үйретеміз. Мектебімізде оқушылардың өзін-өзі тануы және ортақ игілікке үлес қосуға дайын болу қасиеті қалыптасады.
Біз үшін жауапкершілік жай ғана парыз емес, мықты мінез бен азаматтылықты қалыптастырудың негізгі элементі.

СЫЙЛАСТЫҚ, ҚҰРМЕТ

Алпамыс мектебінде ұлттымыздың мәдениетін, өзіміздің ғана емес, басқа халықтардың да тарихы мен дәстүрін құрметтеуге шақырамыз. Біз әртүрлі мәдениеттер мен көзқарастарды құрметтеуге жәрдемдесу арқылы әртүрлілікті түсінуге, толеранттылықты дамытуға ұмтыламыз.
Сонымен қатар, біз табиғатты құрметтеуге көп мән береміз. Өзін-өзі тану, мәдени мұраны және табиғатты құрметтеу біздің оқушыларға сіңіретін құндылықтардың ажырамас бөлігі болып табылады.

АДАЛДЫҚ

Алпамыс мектебінде біз тек өзімізге ғана емес, өзгелерге де адалдықпен қарауға үлкен мән береміз. Оқушыларымызды өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және қарым-қатынаста шынайы болуға үйретеміз.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі барысында балалардың өз қателіктерінен сабақ алуына және оларды түзетуге деген ұмтылысын тудыруға мән береміз.
Алпамыс мектебінде біз тек білім беріп қана қоймаймыз, сонымен қатар оқушыларымыздың өмірде адал, ашық және жауапты тұлға болып қалыптасуына көмектесетін құндылықтарды дамытамыз.

КӨШБАСШЫЛЫҚ

Алпамыс мектебінде болашақ көшбасшыларды қалыптастырамыз. Біздің оқушылар белсенді болуға, алдына нақты мақсаттар қоюға және басым бағыттарды дұрыс анықтауға үйренеді.
Алпамыс мектебінде көшбасшылық – бұл жай ғана дағдылар жиынтығы емес, ол оқушыларға өз мүмкіндіктерін сәтті жүзеге асыруға және қоршаған әлемге оң өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін өмір салты.

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ

Толеранттылық – Алпамыс мектебінің басты құндылықтарының бірі. Біз адамдардың ерекшелігін бағалауға және құрметтеуге, әр адамның сезімін, тілектерін, құқықтары мен дәстүрлерін ескеруді үйренуге шақырамыз.
Мектеп оқушыларды әділ қабылдау және қарым-қатынас жасау қабілетін дамыта отырып, әртүрлі адамдар мен идеялар қоғамдастығында өмір сүруге дайындайды. Біз басқалардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуын қолдаймыз.
Алпамыс мектебі оқушының айырықша ерекшеліктерін ескере отырып өз әлеуетін аша алатын толерантты білім беру ортасын құруға тырысады.

ЖАЙЛЫЛЫҚ

Жанға жайлы мектеп, комфорт аймағын құру – Алпамыс мектебінің айқын мақсаты.
Мектебімізде оқушының өзін-өзі дамыта алуы, денсаулықты сақтау, жағымды эмоциялар, психологиялық жайлылық ұғымдары маңызды рөл атқарады.
Біз оқушылардың жақындарымен және басқа адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына, жеке мақсаттарға жетуіне көмектесу арқылы болашаққа сенімді көзқарасын қалыптастырамыз.

АШЫҚТЫҚ

Алпамыс мектебі – ашық мектеп, сондықтан оның ақпараттық саясатында ашықтық ерекше орын алады. Біз қоғаммен кең байланыс жасай отырып, мектептің мақсаттары, оны іске асыру үдерістері және қол жеткізген нәтижелері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біздің мектепте әрбір оқушы батыл болуға және жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға талпынады. Ашықтық арқылы әрбір оқушының әлеуетін дамытуға көмектесетін орта құра отырып, олардың мектеп өміріне белсенді араласуына және идеялар алмасуына қолдау көрсетеміз.

SCHOOL MISSION

Create an inspiring educational environment where every student can reach their full potential and take on the world's challenges as responsible citizens.

SCHOOL MOTTO

ANTICIPATE AND ADVANCE, TODAY AND NOW.

The school actively strives to embody its motto: 'Anticipate and Advance, Today and Now.' We aim to create harmony between the past, present, and future, fostering the development of students who are not only successful leaders but also capable of identifying new opportunities where others see challenges. Our goal is not just to follow the flow of time but also to actively shape it, adapting to the challenges of our era.

VISION

Alpamys School is a distinctive community comprising children, parents, and teachers, fostering the holistic development of each child. The school celebrates diversity, bringing together various cultures to enrich the educational experience.
The four principles of global citizenship, acknowledged and embraced at Alpamys School, are interwoven into the fabric of our educational and nurturing processes:

Acceptance of all people;
Assistance for those in need;
Environmental protection;
Service for peace.


OUR VALUES

The values of Alpamys School serve as a practical guide to action and form the foundation for building a community dedicated to actively fostering the growth and development of each student. These values play a decisive role in shaping our behavior, approach to the educational process, and attitudes toward one another. They contribute to the creation of a unique environment that promotes diverse and inspiring learning experiences.

Responsibility

At Alpamys School, we inspire our students to evolve into responsible individuals capable of effecting positive change in their surroundings. We instill the importance of taking responsibility for one's actions and understanding their impact. Our educational approach nurtures self-awareness and a commitment to contributing to the greater good. Being responsible is not merely a duty; it is a pivotal element in the development of strong character and responsible citizenship.

Respect

At Alpamys School, we emphasize respect for the rich cultural tapestry, history, and traditions of the Kazakh people and other diverse cultures. We strive to cultivate understanding and tolerance, fostering respect for a multitude of cultures and perspectives. Additionally, we place great importance on respecting nature. Instilling respect for oneself, cultural heritage, and the environment is an integral part of the values we impart to our students.

Honesty

At Alpamys School, we place great emphasis on honesty, fostering a culture of truthfulness both within ourselves and in our interactions with others. We guide our students to take responsibility for their actions and to communicate sincerely.
An integral aspect of our education is the ability to learn from our mistakes and the eagerness to rectify them. At Alpamys School, we not only impart knowledge but also instill values that shape our students into honest, open, and responsible individuals in their relationships and overall life.

Leadership

At Alpamys School, our commitment extends beyond imparting knowledge; we mold future leaders. Our students are guided to be proactive, set clear goals, and prioritize effectively.
We aim to cultivate authentic leadership skills in each student. For us, leadership is not merely a set of skills but a lifestyle that we instill in our students. This approach empowers them to successfully realize their potential and make a positive impact in the world around them.

Tolerance

Tolerance stands as a cornerstone value at Alpamys School. We foster an environment where individuals are encouraged to appreciate and respect the diversity inherent in each person's feelings, desires, rights, and traditions.
Our school equips students to thrive in a community of varied people and ideas by cultivating the capacity for fair perception and communication. We promote the understanding of equal rights and freedoms without encroaching upon the rights and freedoms of others.
At Alpamys School, our aspiration is to establish an inclusive and tolerant educational environment, ensuring that everyone can unfold their potential, irrespective of their unique characteristics.

Well-being

At Alpamys School, well-being is a paramount goal, and we strive to cultivate conditions conducive to comfortable learning and self-development.
Caring for health, seeking positive emotions, and fostering a sense of psychological comfort play pivotal roles in our school environment. We are committed to maintaining a positive outlook on the future by assisting students in developing a constructive attitude, harmonious relationships with loved ones and others, and the motivation to achieve personal goals.

Openness (Transparency)

Alpamys School prides itself on being an open institution, with transparency holding a distinctive position in its information policy. We are dedicated to ensuring the accessibility of information regarding the school's goals, implementation processes, and achieved results, maintaining extensive connections with the public.
Within our school community, every student is encouraged to embody courage and openness to new possibilities. We foster active participation and the exchange of ideas, creating an environment where transparency serves as a key element in unlocking the potential of every learner.

Дорогие друзья!

Alpamys School стремится создать максимально комфортную среду для обучения.

В нашей школе работают профессионалы, амбициозные педагоги, нацеленные на высокий результат, готовые помочь и оказать поддержку каждому ребенку, готовые учиться для наших маленьких Алпамысов, вместе с ними и у них.

Мы всегда открыты для конструктивного диалога и сотрудничества!

Приглашаем вас участвовать в обсуждении вопросов школьной и внешкольной жизни, образования и воспитания.

С уважением, директор школы -

Жакенов Мейрам Амиржанович.

Құрметті достар!

Alpamys School ең жайлы оқу ортасын құруға талпынуда. Мектебімізде жоғары белесті бағындыратын, әр балаға көмектесуге және қолдау көрсетуге дайын, біздің бала Алпамыстарымызбен ізденуге және бірге оқып дамуға дайын кәсіби мамандар, өрелі ұстаздар жұмыс істейді.

Біз әрқашан сындарлы диалог пен ынтымақтастыққа ашықпыз! Сіздерді білім және тәрбие, мектеп өмірі мен мектептен тыс мәселелерді талқылауға қатысуға шақырамыз.

Құрметпен, мектеп директоры -

Мейрам Әміржанұлы Жакенов.

Dear friends!

Alpamys School strives to create the most comfortable learning environment possible.

Our school employs professionals, ambitious teachers, focused on high results, ready to help and support every child, ready to learn for our little Alpamys, with them, and from them.

We are always open to constructive dialogue and cooperation!

We invite you to discuss issues of school and extracurricular life, education, and upbringing.

Sincerely, -

Zhakenov Meiram.

School principal

Новости
Жаңалықтар

Алпамыс мектебінде 3-4 сынып оқушылары үшін «Абайла, балақай!» атты қауіпсіздік сабағы өтті. Сабаққа «Angel24» Балалар қауіпсіздігі орталығының түлегі Жасұлан Ойшыбаев қатысты. Сабақ барысында балалар Интернет қауіпсіздігі мәселелерін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелерін талқылады. Қызу  пікірталас оқушылардың күшті эмоционалды реакциясын тудырды. «Балаларды ықтимал қауіптерден қорғау және оларды  қауіпті жағдайлардың алдын алуға, сақтық шараларын қолдана білуге үйрету […]

Құрметті достар! Сіздерді еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздігіміз  тұғырлы болсын!  

Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары Асқар Бақтияр, Мәсел Ерсұлтан, Өмірзақ Шахрияр және Маратбеков Ерасыл телевизиялық түсірілімнің нағыз жұлдыздарына айналды! Жоғары сынып оқушылары «Хабар» телеарнасында көрсетілетін «МЕКТЕП» танымдық бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Талапты балалар  өздері құрастырған «BILIM JARYS» білім беру платформасын таныстырып, оның мүмкіндіктері мен бірегей ерекшеліктері туралы тілшілерге егжей-тегжейлі айтып берді. Alpamys School оқушылары IT технологияларды оқу […]

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием» тақырыбында тағылымды кеш өтті. Alpamys School оқушыларына қонаққа Нұра аудандық ардагерлер алқасының мүшелері келді. Еңбек ардагерлері  балаларды  ел тарихымен етене байланысты өздерінің өмір жолымен, Тәуелсіздік жолындағы елеулі оқиғалармен таныстырды. Балаларға өнегелі өсиеттері мен ақыл-кеңестерін берген кеш ұрпақтар сабақтастығының нағыз үлгісіне айналды. Ардагерлермен кездесу «Тәуелсіздік — […]

Оқушыларымыз көңілді Мэрри Поппинс пен дана Әліппені мектеп өміріндегі ең маңызды мерекеде қуана қарсы алды. Әліппемен қоштасу Alpamys мектебінде осылайша нағыз сиқырға толы қызықты күнге айналды! Мектептің ең кішкентай оқушылары әріп пен мектепке арналған тақпақтар оқып, жұмбақтар шешті, ән айтып, көңілді би биледі. Мерекенің соңында  әрбір оқушы Әліппені бітіргені үшін берілген Дипломмен марапатталды. Ал ата-аналарының […]

Алпамыс мектебінің 9-11-сынып оқушылары 2023 жылдың 19-20 желтоқсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Бахытжан Әмірхан, 9 А сынып, математикадан 1-орын, мұғалімі  – Жәміш Жанаргүл; Чувакова Камила, 11 F сынып, ағылшын тілінен 2-орын, мұғалімі Софуоглу Раушан Жандаровна; Мәсел Ерсұлтан, 11 F сынып, орыс тілінен 2-орын, мұғалімі Кусаинова […]

4-10 ақпан аралығында Алпамыс мектебінің оқушылары түрлі  іс-шаралар мен шығармашылық байқауларға толы ағылшын тілі әлеміне бойлады. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері іс-шаралар  калейдоскопын дайындады: «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы, «Екі жұлдыз» ән байқауы, TEDx, Дебаттар, «ХХІ ғасыр Көшбасшысы» сайысы және т.б. Кішкентай тіл жанашырлары «Spelling Bee» сахнасында сөздерді әріптеп жатқа […]

2 ақпан күні Alpamys School оқушылары Л.Н. Гумилев ЕҰУ-дің құрметті профессоры, ҚР Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, академик, 2000-нан астам көркем шығарманың авторы Батанов Тілеужан Бағыбайұлымен кездесті. Батанов – Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде білім Тілеужан алған заманауи өнердің көрнекті өкілі. Оның өнер жолы Львов мемлекеттік қолданбалы-сәндік өнер институтында […]

29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Алпамыс мектебінде жыл сайынғы идеялар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру. 1-11 сынып оқушылары өз жұмыстарын тиянақтылық таныта отырып дайындап, қазылар алқасының сарапшылары алдында өз жобаларын қорғады. Жәрмеңкеде ұсынылған 300-ден астам жоба жас зерттеушілеріміздің білім беру үдерістеріне қаншалықты шығармашылықпен […]

2024 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Alpamys School өтетін қызықты іс-шаралардан хабардар болыңыз! Аптаның бірінші күні сіздерді жыл сайын өтетін идеялар жәрмеңкесі күтеді. Осы аптада мектебіміз әр оқушы өз идеяларымен бөлісетін және сыныптастарының жобаларынан шабыт алатын шығармашылық алаңға айналады. Сәрсенбі – ағылшын тіліне терең бойлаймыз, күнді көңілді жаңылтпаштар мен жұмбақтардан бастап, күні бойы […]

🔰Алпамыс мектебі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату және нығайту жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. 🔸Біздің мектеп директоры Жакенов Мейрам Әміржанұлы және «Назарбаев Университетінің ғылыми-инновациялық жүйесі» (NURIS) жеке мекемесінің бас директоры Жакупов Айдар Бексұлтанұлы мектеп оқушыларының инновациялық және технологиялық кәсіпкерлік дағдыларын дамыту саласы, ғарыштық технологиялар бойынша үйірмелер мен шеберлік сағаттар, Alpamys University жобасын іске асыру бойынша меморандумға […]

🔰Жаңа оқу жылы жаңа жеңістермен басталды! Алматы қаласында өткен Ұлттық Robo Sports WRO жарысының қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары Сағдат Едіге мен Шакиров Никита WRO рейтингіне енді. Жетекшісі – робототехника пәнінің мұғалімі Назриденов Серік Назриденұлы.

🔰Алпамыс мектебінде 1 қыркүйек – Білім күні аталып өтті. 🔹Кішкентай бүлдіршін 1 сынып оқушылары ертегіден келген Фиксиктермен бірге қызықты ғылым сырларымен танысты, алғашқы зымырандарын ұшырып, мектеп оқушыларының қатарына қабылданды. 🔹Салтанаттың құрметті қонағы қалалық маслихатының депутаты Муслим Н.С. мектеп ұжымына жаңа оқу жылында толағай табыстарға жетуге тілек білдірді. Мектеп басшысы Жакенов М.А. жоғары жетістіктер әкелген оқушыларды […]

Алпамыс мектебінің ұжымы баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!

2023 жылдың 24 қыркүйегінде Қ.Сәтбаев атындағы «Binom» мектеп-лицейінде өткен «STEM Олимпиада – білім берудегі инновациялар» қалалық олимпиадасында мектебіміздің командасы: Джакипов Алишер, Сағадат Едіге, Маратбеков Ерасыл, Мәсел Ерсултан жақсы нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Жетекшілері: С.Н. Назриденов, А.Б. Надирбеков. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Alpamys School  мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) мүшесі болды! Осылайша Алпамыс мектебі дүние жүзіндегі 1400 мектеп пен университеттен тұратын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігіне айналды! Бұл маңызды жетістік Alpamys School  жоғары сапалы білім беруге және мектепті тұрақты жақсартуға, оқушылардың білім, білік дағдылары мен дүние жүзінің азаматы ретінде өмір сүру қабілетін дамытуға деген ұмтылысын растайды. Халықаралық білім […]